SOVENTUS компаниясы Қазақстанның Түркістан облысында қуаты 1 МВт жер үсті фотоэлектрлік станциясының (ФЭС) құрылысын аяқтады. Жоба EPC (инжиниринг, сатып алу және құрылыс) келісімшарты аясында жүзеге асырылды.
Бұл станция "Оңтүстік Жарық Транзит"ЖШС өңірлік электр желілік компаниясымен электр энергиясын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған алғашқы өнеркәсіптік электр станциясы болды .SOVENTUS командасы жобалық құжаттаманы үйлестіруде және нысанды түпкілікті пайдалануға беруде маңызды рөл атқарды. Жобаға сонымен қатар Huawei инверторларының жеткізушісі Photomate Central Asia және фотоэлектрлік панельдердің жеткізушісі Jinko Solar Co., Ltd. компаниялары қатысты.