Huawei Digital Power Middle East & Central Asia

SOVENTUS Huawei me&CA серіктестік саммитіне қатысты, онда басқа серіктес компаниялармен бірге күн энергетикасы саласындағы ең жаңа технологияларды зерттеді.

Саммит бағдарламасы фотоэлектрлік жүйелер туралы білімді тереңдетуге мүмкіндік берді. Жаңа Smart PV өнімдері мен шешімдері ұсынылды, олар жоғары тиімділігімен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Саммит аясында Шанхайдағы Huawei-дің жаңа R&D орталығына сапар ұйымдастырылды. SOVENTUS электр көлігі саласындағы компанияның әзірлемелерімен, соның ішінде жоғары жылдамдықты зарядтау құрылғыларымен, сондай-ақ энергияны сақтау жүйелеріне маманданған жаңа энергетикалық желілер зертханасымен танысты. SOVENTUS "экожүйен дамытудағыі үздік серіктес"номинациясында марапатталды. Компания жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық мүмкіндігі үшін Huawei Digital Power Middle East & Central Asia компаниясына алғысын білдіреді.

Image
Image